Ақпарат - СШ№6 Кенес https://6-merki.mektebi.kz/ ru Ақпарат - СШ№6 Кенес DataLife Engine Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу» тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысының https://6-merki.mektebi.kz/main/2606-kmeletke-tolmaan-zhassprmder-arasynda-y-bzushylyty-aldyn-alu-tayrybynda-tkzlgen-ata-analar-zhinalysyny.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2606-kmeletke-tolmaan-zhassprmder-arasynda-y-bzushylyty-aldyn-alu-tayrybynda-tkzlgen-ata-analar-zhinalysyny.html №1 хаттамасы

Мерзімі  19.09.2025 жыл.

Қатысқандар: 

Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы А.А Алтынбаева  , қоғамдық кеңесінің мүшесі Ж.Жантелеев, Меркі АПБ    аға инспекторы Қ. Бекнұр

 ауылдық округінің әкімі Б.Қойшыбаев  Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Бауыржан қатысты.

1-11 сынып жалпы ата-аналары

К ү н  т ә р т і б і н д е  

  1. «Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу.» Мектеп директоры:Б.С.Менилбеков
  2. «Бала қауіпсіздігі заңмен қорғалады» Меркі АПБ    аға инспекторы Қ.Бекнұр

           3. «Бала қауіпсіздігі ата-ананың рөлі» Аудандық білім бөлімінің                            

                басшысы А.А Алтынбаева

  1. «Бала  қауіпсіздігі ортақ  жауапкершілік». Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Б.Байдаулет

            5. Әр түрлі мәселелер.

Тыңдалды:

Алғы сөз: Мектеп директоры Менилбеков Бақтияр Смадиловичке беріліді. Білім алушылардың қауіпсіздін қамтамасыз ету   мақсатында №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылында  оқушы саны: 396 оқушы РОВД есебінде оқушы жоқ, мектепшілік есепте 13 оқушы. Мектептің ішінде 19 камера, сыртында 4 камера «ровд-ға тіркелген. Мектепте   стоп буллинг, жамбыл 109  кіре берісте дәлізде, әжетханада, кітапханада, асханада , спорт залда   ілініп түсіндіру жұмысы жүргізілді.Мектепте 2-этажға кезекшлік кестесі құрылып балалардың қауіпсіздігі  бақылауда екендігі туралы тоқталып өтті.

2- ші мәселе бойынша Меркі АПБ  аға инспекторы Касымов Бекнур сөз алып кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу бойынша  жиналыс барысында ата- аналарға оқушылар арасындағы   ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығын ескертілді. Түнгі уақытта  ата-ананың қарауынсыз /заңды өкілдерінсіз/жүрмеу керектігін айтты.Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің кәмелетке толмағандар туралы баптары түсіндіріліп, құқық бұзушылыққа бармауы, автокөлік және мопед айдамау туралы ақпарат берілді. Бала қауіпсіздігі басты назарда екендігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

3- ші мәселе бойынша Аудандық білім бөлімінің басшысы А.А Алтынбаева сөз алып жиналған ата-аналарға құқық бұзушылықтың қазіргі уақытта Жамбыл обылысымызда қанат жайып бара жатқаны қылмыстар туралы қатаң ескетпелер жасады. Балалардың   бос уақытын тиімді пайдалану, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын күшейту туралы ұсыныстар айтты. Құқық бұзушылықтың негізгі себептері:  - Отбасылық бақылаудың әлсіздігі, ата- ананың бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмеуі   – Мектеппен байланыстың үзілуі, оқуға немқұрайлы қарау, теріс орта мен достар ықпалы, бос уақытты тиімді пайдаланбау; тағы басқа ауқымды ақпараттар ата-аналарға берілді.  

4-ші мәселе бойынша Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Б.Байдаулет ата-аналарға қазіргі уақытта балалардың әлеуметтік желіге тәуелділігі туралы тоқталып интернет пен әлеуметтік желілердегі зиянды контенттің әсері.Құқық бұзған жасөспірім заң алдында жауапқа тартылады. Бұл – болашағына үлкен нұқсан келтіретін фактор. Сонымен қатар ата-аналарға  ең алдымен, отбасы тәрбиесі басты орында екендігі. Ата-ана баланың күнделікті іс-әрекетіне назар аударып, қолдау көрсетуі қажет екендігі баланы түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына, шығармашылық жұмыстарға қатыстыру – бос уақытын пайдалы өткізуге ата-ана тарапынан қолдау керек екендігі айтылды.Әр- түрлі мәселелер кездесу барысында талқыланып қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар алынды. Мектеп пен ұстаздар тарапынан тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс.  


Шешімі:

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жандандырылсын.
  2. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын күшейтілсін.
  3. Ата-аналар тарапынан балалардың бос уақытын  тиімді пайдалансын.


Мектеп директоры:                              Б.С.Менилбеков

                                   Хатшы:                                      Ж.Буланова





]]>

]]>
admin Fri, 19 Sep 2025 15:17:34 +0600
ақпарат https://6-merki.mektebi.kz/main/2605-aparat.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2605-aparat.html ұйымдастыруымен  баспасөз конференциясы YouTubе арнасында өтті. Бастаманың басты мақсаты:
✅ жас ұрпақты отбасымен, мектеппен және қоғаммен бірлікте тәрбиелеу
✅Жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік  құндылықтарын дарыту
✅ Жаңартылған бағдарлама әр баланың тұлғалық дамуына  заманауи қоғамда өз орнын табуына бағытталған.


#АдалАзамат #ТәрбиеБағдарламасы #ОқуАғартуМинистрлігі

]]>

]]>
admin Wed, 17 Sep 2025 15:36:41 +0600
Буллингтен қорған. Қауіпсіздік сабағы https://6-merki.mektebi.kz/main/2604-bullingten-oran-aupszdk-sabay.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2604-bullingten-oran-aupszdk-sabay.html Буллингтен қорған. Қауіпсіздік сабағы№6 жалпы орта білім беретін  мектебінде "Буллингтен қорған" атты қауіпсіздік сабақтары өтті. Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей ақпараттар берілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыйластыққа, бір - бірін қолдауға тәрбиелеу. Мектепте буллинг пен кибербуллнгтің алдын алу, болдырмау, болған жағдайда себептерін анықтап, алдын алу жұмыстарын жандандыру.
Осы мақсатта сыныптар арасында қауіпсіздік сабағы өтті.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай.
Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.
Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.
Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.
Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.
Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы. ]]>


]]>
admin Mon, 15 Sep 2025 18:49:21 +0600
"Бала қауіпсіздігі" тақырыбында https://6-merki.mektebi.kz/main/2597-bala-aupszdg-tayrybynda.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2597-bala-aupszdg-tayrybynda.html

]]>
admin Tue, 02 Sep 2025 12:20:33 +0600
"Таза Қазақстан" акциясы https://6-merki.mektebi.kz/main/2593-taza-azastan-akcijasy.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2593-taza-azastan-akcijasy.html







]]>








]]>
admin Tue, 05 Aug 2025 09:35:10 +0600
Аттастат беру рәсімі https://6-merki.mektebi.kz/main/2589-attastat-beru-rsm.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2589-attastat-beru-rsm.html


]]>
admin Tue, 17 Jun 2025 11:40:48 +0600
құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттардың алдын алу https://6-merki.mektebi.kz/main/2576-yty-sauattylyty-arttyru-zhne-esrtk-zattardy-aldyn-alu.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2576-yty-sauattylyty-arttyru-zhne-esrtk-zattardy-aldyn-alu.html

]]>
admin Fri, 16 May 2025 14:04:12 +0600
Ата аналар жиналысы https://6-merki.mektebi.kz/main/2558-ata-analar-zhinalysy.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2558-ata-analar-zhinalysy.html Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының


                                                 №5 хаттамасы 


Күні: 2.05.2025ж                                                   Кеңес ауылдық округі



Күн тәртібінде:


1.Ағымдағы оқу жылының аяқталуына байланысты 5-8; 10 сынып оқушыларының аралық емтихан мәселелері және 9-11 бітіруші сыныптарының мемлекеттік емтихан тапсырмалары. Оқу ісінің орынбасарлары: Тескенбаева Г.К.


2.Міндетті мектеп формасының талаптарын сақтау. Жаз мезгілінде оқушылардың мектеп жанындағы лагерьде үйірмелерге қамтылуы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.А.Миравилдаева,әлеуметтік педагог Буланова Ж. 


3.Балалардың қауіпсіздік шараларын қамтамассыз ету. (жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу, түнгі мезгіл, мереке күндері т.б) директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Сейітқазиева Ж., Кеңес ауылының КТІЖ УПИ полиция капитаны Оспанбеков Е.А.


4.Мектеп қабырғасында өтілетін түрлі салтанатты шараларға ешбір қаражат жиналмауы және қосымша әртүрлі мәселелер бойынша: Мектеп директоры Б.С.Менилбеков.


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша Г.К.Тескенбаева Үлгілік қағидаттарын бекіту туралы " ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18наурыздағы N125 бұйрығының 35-тармағына сәйкес 2024-2025 оқу жылында "Қазақ тілі ",Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен емтихан тапсырады. Емтихан тапсыру барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясы бекіткен әдістемелік ұсыным талаптары өзгеріссіз сақталады. Мақсаты: Білім алушылардың Қазақ тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.

Емтихан 26.05-28.05 аралығында өткізіледі. 9,11 сынып оқушыларының мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстарымен ата-аналарды таныстырды. 9 сыныптар үшін мемлекеттік емтихандар: 29 мамырдан -10 маусым аралығында.

 11-сыныптар үшін: 30 мамырдан-16 маусым аралығында 5-пәннен мемлекеттік емтихан тапсыратынын ескертті.

Екінші мәселе бойынша: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.А.Миравилдаева ата-аналарға келесі 2025-2026 оқу жылында міндетті мектеп формасы бойынша түсіндіріп өтті. Мектептерде зайырлық ережелері мен талаптары қатаң сақталуы тиіс және міндетті. Сондықтан келесі 2025-2026 оқу жылында міндетті мектеп формасы сақталатыны жайында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ережесіндегі өзгерістерге тоқталып өтті. Оқу жылының қыркүйек айынан бастап, міндетті мектеп формасына қойылатын талап сақталатынын ескертті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47 – бабының 15 – 1 тармағында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті». Осы заңның 49 – бап 6 тармағында ата – аналар мен олардың заңды өкілдері «білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға тиіс» екені бекітілген. Осыған байланысты мектепте діни киімдерді киюге рұқсат етілмейтіні ескертілді. Мектеп формасын сақтамаған оқушылар бар болған жағдайда олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатындығы жайлы жазбаша хабарланатыны жайында айтып өтті. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын да түсіндірді. Мектептің ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі және ата-аналармен келісе отырып, барлығы бірауыздан 2025-2026 оқу жылында мектеп формасы қолжетімді, қара, қара көк түсті, классикалық стильде, ақ кофта, ақ жейде болатынына келісім жасады. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, бірыңғай ақ жейде, ақ кофта, қара, қара көк) түстерден юбка, шалбар және осы үшеуден асырмайтын түстерді араластыруға тоқтады.

Ұлдардың мектеп формасы: қара, қара көк түсті пиджак, тобықты жабатын классикалық шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті ақ жейде, /кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет) Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. 

Қыздардың мектеп формасы: Ақ кофта, қара, қара көк юбка, юбка тіземен бірдей келетін. Тізеден жоғары және төмен болмайтыны ескертілді. (Атлас, желбір, алды жырық т.б басқа келеңсіз үлгіде болмайтыны ескертілді.) Қара, қара көк түсті классикалық шалбар, классикалық ақ жейде, ақ кофта жағасы бар. (қысқы уақытта: трикотаж жилет,) Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Мектеп формасын таңдауда және оны күнделікті киюге білім алушыларға ыңғайлы болуы тиіс. 

Жаз мезгілінде үйірмелерге қамтылудағы өмір қауіпсіздігін сақтауды, бақылауда ұстауын түсіндіріп өтті. 

Мектептің әлеуметтік педагогы Буланова  аталған отбасылар санатына қарай 2025-2026 оқу жылында есепке мектепішілік тізімге алынып, содан кейін аудандық білім беру бөліміне сұраныс жасала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсынылатындығын түсіндірді.

Үшінші мәселе бойынша: Мектеп инспекторы, директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары оқушылардың түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуін, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға шомылу, өрт қауіпсіздігі, мереке күндері тауға, сауық орындарында жүрмеуін ескертті. Білім алушылардың сабаққа уақтылы келуі, сабаққа қатысуы бақылауда екенін түсіндірді. 

Төртінші мәселе бойынша:

Мектеп директоры ағымдағы оқу жылында мектептің жетістіктерімен, атқарылған жұмыстармен, білім алушылардың өмір қауіпсіздігіне қатысты мәселелермен кеңінен тоқталып өтті. Сонымен бірге алдымыздағы мектеп формасына қойылатын талаптарды, жаз мезгілінде оқушылардың мектеп жанындағы лагерьде үйірмелерге қамтылуы, түнгі мезгілде үйден шығып Заң талаптарын бұзуына жол берілмеуін бақылауда ұстауын талап етті. Жиналысты қорытындылай келе, оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітірушілер және ата-аналар ақша жиналмауын қатаң ескертті. Аттестатт тапсыру шарасында дастарқан ұйымдастыру, аниматор жалдау, тау бөктеріне қыдыру мейрамханадарда атап өтуге жол берілмейтінін ата-аналарға ескертіп өтті


Шешімі:


  1. "Қазақ тілі ",Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен білім алушылар  емтиханға дайындалсын, ата-аналар қадағаласын. Емтихан 26.05-28.05 аралығында өткізілсін. 9,11- сынып оқушыларының мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстарымен ата-аналарды сынып жетекшілер жеке таныстырсын.  
  2. Қазақстан Республикасы Білім және оқу ағарту министрі бекіткен мектеп формасы  сақталсын, қадағалансын. 2025-2026 оқу жылында ата-аналар  және олардың заңды өкілдері оқушыларды белгіленген міндетті  мектеп формасымен  киіндіруіне міндеттелсін. Сынып жетекшілер оқушыларға мектеп формасы жайында айтылған талаптарды толық түсіндірсін, жұмыс жүргізсін,  қадағаласын. Мектеп формасының талаптарының орындалуы әрбір сынып жетекшісінен және ата – аналардан талап етілсін. 
  3. Оқушылардың түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуін, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға шомылу, өрт қауіпсіздігі, мереке күндері тауға, сауық орындарында жүрмеуін ескертсін. Білім алушылардың сабаққа уақтылы келуі, сабаққа қатысуы бақылауда екені түсіндірілсін. Жазғы демалыс уақытында:балалардың қауіпсіздігі қадағалансын (суға шомылу, жол қозғалысы, интернет т.б.
  4.  Аталған отбасылар санатына қарай 2025-2026 оқу жылында есепке мектепішілік тізімге алынып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру ұсынылсын.
  5. Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітірушілер мен  олардың ата-аналарына  ақша жиналмауы қатаң ескертілсін. Аттестат тапсыру шарасында дастарқан ұйымдастыру, аниматор жалдау, тау бөктеріне қыдыру мейрамханаларда атап өтуге жол берілмейтіні қатаң бақылауда ұсталсын.Соңғы қоңырауға және қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналарға:әкімшілік пен педагогикалық қызметкерлерге қаражат жинауға және мұғалімдерге сыйлық беруге жол бермеу;


]]>


]]>
admin Fri, 02 May 2025 15:44:30 +0600
Оқушыллардың қауіпсіздігі https://6-merki.mektebi.kz/main/2542-oushyllardy-aupszdg.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2542-oushyllardy-aupszdg.html


]]>
admin Mon, 21 Apr 2025 13:39:52 +0600
Жетістік https://6-merki.mektebi.kz/main/2541-zhetstk.html https://6-merki.mektebi.kz/main/2541-zhetstk.html Құттықтаймыз!
Ұлы Жеңіске 80 жыл толу мерекесіне орай,7-8 сынып білім алушыларының арасында өткен "Алау"  әскери спорттық байқауында "Кермеге тартылу" жарысында
🥇 І орын Арыстан Дулат.
Қазақ күресінен:
🥇Нұржан Ш.
🥇Амангелді Н.
🥇Арыстан А.
🥈Егімбай Б.
🥈Жақан С.
🥈Жақан Н.
🥈Азімхан Е.
🥉Қуаныш М.
"Kemel keleshek" өнер білім беру орталығы ұйымдастырған I Республикалық "Наурыз уақыт пен кеңістіктегі көпір" атты байқаудан 
🥇дәрежелі дипломмен Хайдар М.  мен Наурызбай Ә.
МАРАПАТТАЛДЫ.

]]>

]]>
admin Mon, 21 Apr 2025 11:21:20 +0600