Мектептегі тамақтану жағдайы
2023 жылдың 15 қараша күні ас мәзіріне сәйкес сиыр етінен котлет, қарақұмық гарнирі тұздығымен, көкөністен салат, шырын, нан берілді. Дайындалған тағамнан мектеп медбикесі 48 сағаттық сынамасын алынып, сынама алған уақыт пен күні көрсетілді. Органолептикалық талдау жасалынды. Дайындалған тағам ас мәзіріне сейкес келеді. Күнделікті ас мәзірін, мектеп директоры мен мектеп медбикесі ең бірінші балаларға берілмес бұрын, дәмін көреді, күнделікті ас мәзіріне сәйкестігін тексеріп, қадағаланады.