Тоғызқұмалақ байқауы
Республика күніне орай 5–6 сыныптар арасында өткен «Тоғызқұмалақ» ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында ұлттық ойындарды дәріптеу, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, елге деген сүйіспеншілікті арттыру және Республика күні мерекесінің маңызын түсіндіру. Дәстүрлі қазақтың зияткерлік ойыны — «Тоғызқұмалақ» жарысына қатысқан оқушылар ұлттық ойынның ережелерімен танысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Әр қатысушы өз шеберлігін, логикалық ойлау қабілетін және шыдамдылығын көрсетті.