Оқулықтардың сақталу жағдайын тексеру туралы рейд » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқулықтардың сақталу жағдайын тексеру туралы рейд
11
март
2026

Оқулықтардың сақталу жағдайын тексеру туралы рейд

Қалың қалай оқулық? 
№6 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында кітап қорын сақтау және оқушылардың оқулықтарға жауапкершілігін арттыру мақсатында 11.03.2026 күні  1-11  сыныптар арасында кітап тексеру рейді жүргізілді.
Рейд барысында оқушылардың оқулықтарының сыртқы жағдайы, қапталуы, тазалығы , ұқыпты қолданылуы ,сабақ кестесіне сай оқулықтың түгел әкелуі тексерілді. Тексеру нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі кітаптарын таза әрі ұқыпты ұстайтыны анықталды. Кейбір оқушылардың оқулықтары қапталмаған, кестеге сай әкелмегені анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша оқушыларға кітапты күтіп ұстау және сабақ кестесіне сай әкелуі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд нәтижесінде сынып жетекшілеріне
оқушыларға кітапқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру ұсыныстары берілді
Кітапханашы:Оналбаева Р.
Күні: 11.03.2026ж.