Тестілеуде жүргізілетін пәндер бойынша мұғалімдердің жеке жұмыс жоспарларын тексеру, бекіту туралы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тестілеуде жүргізілетін пәндер бойынша мұғалімдердің жеке жұмыс жоспарларын тексеру, бекіту туралы
24
сентябрь
2025

Тестілеуде жүргізілетін пәндер бойынша мұғалімдердің жеке жұмыс жоспарларын тексеру, бекіту туралы

Тестілеуде жүргізілетін пәндер бойынша мұғалімдердің жеке жұмыс
 жоспарларын тексеру, бекіту туралы 
   №6 ЖОББМ мекемесінде 2025–2026 оқу жылына арналған тестілеу пәндері бойынша мұғалімдердің жеке жұмыс жоспарларын тексеру, сараптау және бекіту жұмыстарының жүргізілгені туралы мәлімет беру мақсатында жазылды.                                                                                                Мақсаты: Мұғалімдердің тестілеуге бағытталған жеке жұмыс жоспарларының сапасын арттыру, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру, оқушыларды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы даярлау жолдарын айқындау.
1. Ұйымдастыру шаралары
2025 жылдың  28 тамыз 2025 жылы мектеп директорының №1 педагогикалық кеңес шешіміне  сәйкес пән мұғалімдерінің жеке жұмыс жоспарларын тексеру және бекіту мақсатында арнайы сараптамалық комиссия құрылды. Комиссия құрамына мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері және тәжірибелі мұғалімдер кірді.
Комиссия мүшелері:
  • Менилбеков Б.С. – мектеп директоры (комиссия төрағасы)
  • Тескенбаева Г.К.Спанкулова Л.С. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары
  • Есімтаева А. Калдыбаева Г. Нусупова А. Акекова А. -  әдістемелік бірлестік жетекшілері
2. Қаралған пәндер:
Жеке жұмыс жоспарлары келесі пәндер бойынша тексерілді:
Қазақ тілі мен әдебиеті
Математика
Физика
Химия
Биология
География
Қазақстан тарихы
Дүниежүзі тарихы
Ағылшын тілі
Орыс тілі
Информатика
3. Тексеру және сараптау критерийлері:  Комиссия жұмыс жоспарларын келесі талаптар бойынша қарастырды:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2025 жылғы оқу бағдарламасына сәйкестігі;
Жоспар мазмұнының пәндік стандарттар мен тестілеу талаптарына үйлесімділігі;
Сабақ тақырыптарының жүйелілігі мен бірізділігі;
Тестілеуге дайындық жұмыстарының нақты жоспары (қайталау, сынақ тестілер, диагностикалық жұмыстар);
Жеке және топтық дайындық формаларын қолдану;
Дарынды оқушылармен және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бағыттарының қамтылуы;
 4. НәтижелеріЖалпы, ұсынылған жеке жұмыс жоспарларының басым бөлігі оқу талаптарына сай әзірленген. Мұғалімдер білім беру мазмұнын меңгертуге, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, және ұлттық тестілеуге сапалы дайындауға бағытталған іс-шаралар жүйесін көрсеткен.                               Бекітілген жоспарларда:                                                                                              Тақырыптық және тоқсандық тестілеу жұмыстарының кестесі берілген;                                                                                                          Оқушылардың білімін бағалау шкалалары, кері байланыс түрлері көрсетілген;                        Қосымша дайындық сабақтары (факультатив, үйірме, кеңес беру) белгіленген;            Білім сапасын көтеруге арналған жеке іс-шаралар, тренингтер, мотивациялық жұмыстар жоспарланған
5. Қорытынды:
Жеке жұмыс жоспарларын тексеру – мұғалімдердің кәсіби қызметін жүйелеуге, білім беру процесінің сапасын арттыруға және тестілеу нәтижесін жақсартуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Комиссия барлық пән мұғалімдерінің жауапкершілігін, жоспарлау жүйесінің нақтылығын және кәсіби деңгейін оң бағалайды.
Аталған анықтама оқу-тәрбие жұмысының жоспарлы түрде ұйымдастырылғанын және мұғалімдердің тестілеуге бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін растайды.