«Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жұмыс жоспары » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жұмыс жоспары
08
сентябрь
2025

«Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жұмыс жоспары

№6 жалпы орта білім беретін мектебі
«Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жұмыс жоспары
2025–2026 оқу жылы
Мақсаты:
«Алтын белгі» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылармен жүйелі, сапалы, нақты бағытталған жұмыс жүргізу арқылы жоғары білім сапасына қол жеткізу;
Үміткерлердің оқу үлгерімі мен білім сапасын бақылау және қолдау арқылы мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетуге жағдай жасау.
Негізгі міндеттер:
  1. Үміткерлерді анықтап, арнайы тізім жасау және олармен жеке жұмыс жүргізу.
  2. Оқу жетістіктерін бақылап, үздіксіз мониторинг жасап отыру.
  3. Пән мұғалімдерімен, ата-аналармен және психологпен бірлесе отырып қолдау шараларын жүзеге асыру.
  4. Дайындық барысында туындайтын қиындықтарды дер кезінде анықтап, алдын алу.
  5. Психологиялық дайындық, мотивацияны көтеру және уақытты тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
  • «Алтын белгі» және «үздік аттестат» үміткерлері оқу жылы бойы тұрақты білім көрсеткіштерін сақтайды;
  • Оқушылардың тестілеу дағдылары қалыптасып, емтихан кезінде жоғары нәтиже көрсетуге дайын болады;
  • Ата-аналармен бірлескен жүйелі жұмыс нәтижесінде үміткерлерге психологиялық және моральдық қолдау қамтамасыз етіледі;
  • Үміткерлердің жауапкершілік деңгейі артады және өз мүмкіндіктерін толық іске асырады.
Іс-шаралар жоспары
Іс-шара атауы
Мазмұны ЖауаптыМерзімі
1Үміткерлерді анықтау10-сыныптағы, сондай-ақ 11-сыныптың I тоқсанынан кейінгі оқу үлгеріміне қарай «Алтын белгі» және «үздік аттестатқа» үміткерлер тізімін бекітуСынып жетекшісі, әкімшілікҚыркүйек
2Жеке жұмыс жоспарын құруӘр үміткерге арналған жеке дайындық жоспарын әзірлеу (сабақтан тыс дайындық, қосымша тапсырмалар, тестілеу кестесі)Сынып жетекшісі, пән мұғалімдеріҚыркүйек
3Үміткерлермен кеңес өткізуЖеке мақсат қою, мотивацияны арттыру, жауапкершілік жүктеу туралы кеңес ұйымдастыруСынып жетекшісі, психологҚыркүйек
4Білім сапасының мониторингіТоқсан сайын бағалар мен оқу үлгерімі бойынша бақылау жүргізіп, ата-аналарға мәлімет беруОқу ісі меңгерушісі, пән мұғалімдеріАй сайын
5Байқау ҰБТ тапсыруҮміткерлерге арналған байқау тестілері арқылы білім деңгейін анықтауПән мұғалімдері, мектеп әкімшілігіҚараша, Қаңтар, Наурыз, Мамыр
6Арнайы дайындық сабақтарыҚиын тақырыптарды бекіту, тапсырма орындау машығын жетілдіру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру.Пән мұғалімдеріҚазан–Мамыр
7Психологиялық қолдауҮміткерлерге арналған сенімділік, күйзелісті жеңу, мотивация, уақытты басқару бойынша тренингтерМектеп психологыҚазан–Сәуір
8Ата-аналармен жұмысАта-аналар жиналысы, жеке кеңес беру арқылы отбасылық қолдауды күшейтуСынып жетекшісі, әкімшілікАй сайын
9Марапаттау, қолдау шараларыҮміткерлердің жетістігін мадақтау, ынталандыру, сертификаттар беруМектеп әкімшілігіТоқсан сайын
10Қорытынды аттестаттауға дайындықЕмтихан тапсыру пәндері бойынша жеке дайындық кестесіӘБ жетекшілері, мұғалімдерНаурыз–Мамыр
11Қорытынды бақылау тестілеріАттестаттауға дейінгі ішкі мектептік бақылау емтихандарыӘкімшілік, пән мұғалімдеріСәуір
12Қорытынды талдауЖыл соңында үміткерлердің қорытынды бағаларын сараптау, шешім қабылдауДиректор, оқу ісі меңгерушісіМамыр–Маусым

Мектеп директоры:                            Менилбеков Б.С.







№6 жалпы орта білім беретін мектебі
9-СЫНЫП ҮЗДІК АТТЕСТАТҚА ҮМІТКЕР ОҚУШЫЛАРМЕН
 ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2025–2026 оқу жылыз
Мақсаты:
* Үздік аттестатқа үміткер оқушылардың оқу жетістіктерін нығайту;
* Оқушылардың жауапкершілігін арттыру, білім сапасын бақылау және бағалау;
* Қорытынды аттестаттауға сапалы даярлықты қамтамасыз ету;
* Мектеп, ата-ана және оқушы үштігінің тиімді ынтымақтастығын ұйымдастыру.
 Міндеттері:
  1. Үздік аттестатқа үміткерлер тізімін бекіту, жеке жұмыс жоспарын құру.
  2. Білім сапасының үнемі мониторингі мен талдауын жүргізу.
  3. Пәндік үлгерім мен тәртіп бойынша үздік көрсеткіштерді сақтауға жағдай жасау.
  4. Мұғалімдер, сынып жетекшісі, психолог, ата-аналар тарапынан қолдау көрсету.
  5. Қорытынды аттестаттау кезеңінде психологиялық, әдістемелік көмек көрсету.
 ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 
Іс-шара атауыМазмұны ЖауаптыМерзімі
1Үміткерлер тізімін анықтау8-сынып және 9-сыныптағы оқу үлгерімі негізінде үздік аттестатқа үміткер оқушыларды іріктеуСынып жетекшісі, әкімшілікҚыркүйек
2Жеке жұмыс жоспарын жасауӘр үміткермен жеке дайындық кестесін құру (қосымша сабақтар, қайталау жоспары)Сынып жетекшісі, пән мұғалімдеріҚыркүйек
3Қорытынды аттестаттау талаптарын түсіндіруОқушыларға үздік аттестаттың шарттарын, баға қою талаптарын, емтихан ережелерін таныстыруӘкімшілік, пән мұғалімдеріҚыркүйек
4Оқу үлгерімін Әр тоқсан соңында оқу Сынып Ай сайын

бақылауүлгерімін талдау, бағалардың өзгерісін қадағалаужетекшісі, ӘБ жетекшісі
5Қайта бағыттау сабағыӘлсіз тұстарды анықтап, оқушыны жетілдіруге бағытталған қосымша сабақтар ұйымдастыруПән мұғалімдеріҚазан–Мамыр
6Ата-аналармен жеке жұмысҮміткер оқушылардың ата-аналарымен кері байланыс орнатып, балаға қолдау көрсетудің жолдарын қарастыруСынып жетекшісіАй сайын
7Үміткерлермен жекелей әңгімелесуОқушының оқу мотивациясы, эмоционалдық күйі мен болашақ жоспары туралы сұхбат жүргізуПсихолог, сынып жетекшісіТоқсан сайын
8Пән бойынша байқау бақылау жұмыстарыҮміткерлерге арналған алдын ала байқау емтихандары (жазбаша, тестілік)Пән мұғалімдеріҚаңтар–Мамыр
9Психологиялық қолдауҮміткерлерге емтихан алдында стресспен жұмыс істеу, сенімділікті арттыру тренингтеріМектеп психологыАқпан–Мамыр
10Қорытынды аттестаттауға дайындықЕмтихан пәндері бойынша мақсатты дайындық, емтихан форматымен жұмысПән мұғалімдері, ӘБ жетекшісіНаурыз–Мамыр
11Қорытынды бағаларды сараптауҮміткерлердің тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларын саралап, үздік аттестатқа сәйкестігін анықтауОқу ісі меңгерушісі, ӘБ жетекшісіМамыр
12Үздік аттестат беру туралы шешім қабылдауМұғалімдер кеңесінде қаралып, мектеп әкімшілігі шешім шығарадыМектеп директоры, мұғалімдер кеңесіМаусым
Күтілетін нәтиже:
  • Үміткерлер жыл бойына үлгерім мен тәртіп талаптарын сақтайды;
  • Қорытынды аттестаттауда жоғары нәтижелер көрсетеді;
  • Мектеп атынан үздік көрсеткішпен тәмамдаған оқушылардың үлесі артады;
  • Ата-ана – мектеп – оқушы байланысы нығаяды.
Мектеп директоры:                             Менилбеков Б.С.