Мектептік тамақтандыру » Страница 44 » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
5 А сыныбында " Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі"
09
ноябрь
2023
5 А сыныбында " Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі"
№ 6 жалпы орта білім беретін мектебінде 09 қараша күні   5 "А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі " тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.  Мұғалім дұрыс тамақтану туралы бейнебаян көрсетіпіп, оқушылар түсінгендерін сурет арқылы әңгімеледі.
7 "А" сыныбында " Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі" тақырыбында сынып сағаты
09
ноябрь
2023
7 "А" сыныбында " Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі" тақырыбында
2023 жылдың 09 қараша күні 7 А сыныбында " Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан жақты дамуының кепілдігі тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, " Салауатты өмір салтының" ұстануды тұжырымдау. Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы, кеңестер, дәрумендер жиыны, дәрумендер туралы слайдтар арқылы көрсетілді. Дұрыс тамақтану ережелерімен, негізгі шарттарымен оқушылар танысып, пікірталас жүрді. 
2023 жылдың 06- қараша күні білім алушылардың тамақтану жағдайы
07
ноябрь
2023
2023 жылдың 06- қараша күні білім алушылардың тамақтану жағдайы
2023 жылдың 06- қараша күні ас мәзіріне сәйкес тауық еті қосылған палау, балғын қызанақ салат, кептірілген жемістен компот, печенье, нан берілді. Балаларға дайындалған ас мәзірі тамақтанудан бұрын мектеп медбикесі 48 сағаттық сынамасын алып, органолептикалық бағалау жасалынды. Ас мәзірі нормаға сәйкес жасалып, 1-4 сынып білім алушылары және жекелеген санаттағы тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылған 155 білім алушы тегін тамақпен қамтылды.