«Әжелер мектебі» жобасы аясында «Әжем және мен» атты мерекелік іс - шара өтті. Немерелері әжелеріне өз өнерлерін танытып, бірлесіп сурет салып уақытты көңілді өткізді. Әжелері немерелеріне сүйсіне жылы сөздерін айтып, батасын берді.
2023 жылдың 25 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері мектеп асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексерілді.