Қайырымдылық акциясы
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз күні «Қайырымдылық» тақырыбы белгіленді. Бұл күнді қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілікті насихаттау тақырыбына арнау қажет. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі