15
март
2024
Қайырымдылық акциясы
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз күні «Қайырымдылық» тақырыбы белгіленді. Бұл күнді қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілікті насихаттау тақырыбына арнау қажет. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Осыған орай «Облыстық білім басқармасының 2024 жылдың 13 наурыздағы №03-1137 хатына сәйкес жаз айларында «QH жаздық Жолдама» қайырымдылық жобасы іске асырылуда. №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 наурыз күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын камтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы бойынша жолдама берілді. Жолдаманы салтанатты түрде тапсыру үшін Кеңес ауылдық округінің әкімі - Джапаркулов Е.Д, мектеп директоры Менилбеков Б.С., Попечительский советінің төрайымы Салмаханбетова М. , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабекова Ж.С. 5-8 сынып оқушылары аралығындағы 5 оқушыға ыстық лебіздерін білдіріп, үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тілеп, СЕРТИФИКАТ табыстады.

