29
август
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих, эстетикалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.
29.08.2023ж. №6 жалпы орта білім беретін мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих, эстетикалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Калдыбаева Г. А. өткен оқу жылында атқарылған іс—шараларға талдау жасап, "2023—2024 оқу жылында Қазақстан Респуликасының білім беру ұйымдарындағы оқу—тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хат жобасы бойынша оқу—тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары талқыланды, бекітуге ұсынылды. Бірлестік мүшелері өз ойларын қосып, пікір алмасты.
