«Әділеттіліктің жаршысы» (Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл) » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Әділеттіліктің жаршысы» (Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл)
10
октябрь
2023

«Әділеттіліктің жаршысы» (Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл)

   "Төрт тоқсан- төрт өнер" жобасы аясында Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:

Автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру.

автордың мысал, әңгімелері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,адамгершілікке,үлгі өнеге алуға шақыру.

    Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өткен іс шарада әр сынып топқа бөлініп қазақ жазушысы,қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің өмірін баяндап,шығармаларын талдады және "Екі соқа","Байлық","Хан мен қонтайшы" шығармаларынан қойылым көрсетті.

   2023 жылдың 13 қазанында тарих пәнінің мұғалімі Шыныкова Айдын қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай 8-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында мектеп оқушылары ұлы ағартушы, ұстаздың өмірбаянымен танысып, С.Көбеев Ы. Алтынсарин, сондай-ақ дөңгелек үстел тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдірді. Жұмыс барысында балалар білімдерін шыңдап қана қоймай, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.