«Қыздар білуге тиіс...» тұрмыстық қажеттіліктер » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Қыздар білуге тиіс...» тұрмыстық қажеттіліктер
27
ноябрь
2023

«Қыздар білуге тиіс...» тұрмыстық қажеттіліктер

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында қазақтың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмысын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланың тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану, жеңгенің отбасында қыз баланың қамқоры екендігін түсіндіру, жеңгенің қазақтың салт-дәстүрін сақтаудағы рөлін, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтаушы ретінде рөлін ашу арқылы қыз балаларды болашақ өмірге даярлауда тәрбие берудегі үлгісін нақты мысалдармен ашу мақсатында  №6 жалпы орта білім беретін мектеп «Қыздар білуге тиіс...» тақырыбында жеңгелер байқауы өткізілді. Мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Балабекова Ж. отбасындағы келіннің рөлі өзінің келген ортасын сыйлау, құрметтеу арқылы үй-ішінің тірліктерін атқаруды меңгерумен басталып, отбасылық қарым-қатынастың реттелуі келіннің іс-әрекетінен көрініс табатындығы, басты мақсат: келген жерінде орнын табу, сыйлай білу, сыйымды болу арқылы өз тамырын жайып, өсіп-өну екендігіне тоқталып өтті. Қыз бала үшін жеңге – таптырмайтын жанашыр. Өз тәжірибесінен көргені мен түйгенін айта отырып іс-шара барысында қайын сіңілілерімен  қамыр илеу, қамыр жаю, киім тігу, тәтті бәліштерді қалай әзірлеуге болатынын бірге үйретіп, көрсетті. Іс-шараға мектеп директоры Б.С.Менилбеков, оқу ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Г, Спанкулова Л, сарапшы  ретінде әр бөлімді қорытындылап отырды. Жеңгелеріміз өз ойларымен бөлісті. Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік іс-шара соңында «Қоржынға не алдым?» кері байланысы жүргізілді. Жеңгелер сайысында жеңімпаздар номинациямен марапатталды. "Жеңгелермен өмір нұрлы, отбасы жылылыққа толы, кез келген қыз бала – болашақ отбасының ұйытқысы, тәрбиеге жетекші екенін ұмытпаңдар" деп қорытындылады.