01
декабрь
2023
«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз»
2023-2024 оқу жылының 1 желтоқсанында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн науқанында жоспар бойынша «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты флешмоб білім алушылар арасында сынып жетекші Текебаева Айгүлдің ұйымдастыруымен өткізілді.
Флешмобтың мақсаты - зорлық-зомбылыққа, әйелдер мен балаларға қатыгездік таныту мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қоғамда зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қоғамда зорлық-зомбылықты жою мақсатында зорлық-зомбылыққа қарсы тұру идеологиясын насихаттау. Мектеп әкімшілігі және ДҚТЖО Балабекова Ж.С.аталған іс-шараға қатысып, кеңес берді.
