"Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында ауған соғысы ардагерімен кездесу
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына -35 жыл.Тарих бетіне қанды із қалдырған Ауған соғысы аяқталғалы қанша жыл өтсе де,қырғынды күндердің елесі әлі күнге дейін көз алдымызда.
Мақсаты: Жат жерде жан тапсырған интернационалист-жауынгерлерді еске алу,өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке баулып,патриоттық рухта тәрбиелеу.
Тарих пәнінің мұғалімі Шыныкова А. ұйымдастыруымен "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында кездесу кеш өткізілді. Кездесу кешінің қонағы Джапаралиев Меркібай Дүйсенқұлұлы қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандарын, әртүрлі ұлтан құралған әскер қатарынының мығзымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы,олардың әрқайсысы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққандары жайлы айтып берді.
Жас жеткіншектер соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық болуына шақырды.
Шараға қатысқан қонағымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.
Кездесу барысында оқушыларға тиесілі тіркеу куәліктер табысталды. Болашақ туған ел жастар үшін маңызы зор тағылымы мол шара ұйымдастырылып, кейінгі ұрпаққа үлгі етті.