«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары»
Меркі ауданының білім бөлімінің 02.02.2024 жылғы №194 шығыс хатына сәйкес 05-28 ақпан аралығында «Құқықтық тәрбие-құқықбұзушылықтың алдын алу» айлық аясында 2024 жылдың 9 ақпан күні 9 – 11 сынып жетекшілері айлықтың жоспарына сай ата – аналармен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» тақырыбында ДҚТЖО. Балабекова Ж.С. дискуссиялық алаң өткізді.
Мақсаты:Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру бағытындағы іс-тәжірибемен бөлісу, тәжірибелік жұмыстарды бірлесе отырып талқылау. Тәрбие қайдан бастау алады? Баланың қалыпты азамат болып өсуіне не жетпейді?
Ата-аналар үшін отбасылық тәрбие ол - баланың дене және жан рухани қасиеттерін қалыптастыру болып табылады, ал отбасы: әке, ана, бала.Отбасындағы әкенің мейірімі оттан да ыстық. Ата – аналарға «Бала тәрбиесі туралы» бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар ата – аналарға ситуациялық сұрақтар қойылып, жағдаяттар шешілді.