28
февраль
2024
Кезектен тыс педагогикалық кеңес
Кезектен тыс педагогикалық кеңес
2024 жылдың 28 ақпан күні кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
2024 жылдың 28 ақпан күні кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістері. Қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеудің қолданылуы туралы.
- Білім беру ұйымының бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі (білім беру ұйымының жұмыс режимі, педагогтердің қызметі, сабақ кестесі, ауысым кестесі, басқа қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі).
- Ағымдағы мәселе:
- Педагогтарды марапаттауға ұсыну туралы
- Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Менилбеков сөз алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістерімен және қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеудің қолданылуы туралы мәлімдеп түсіндіріп өтті. 2-ші мәселе бойынша білім беру ұйымының бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі (білім беру ұйымының жұмыс режимі, педагогтердің қызметі, сабақ кестесі, ауысым кестесі, басқа қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі) туралы таныстырылды және ұстаздарға, білім алушыларға, ата-аналарға осы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі ескертілді.