мектепте кезекті №4 педагогикалық кеңес өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » мектепте кезекті №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
27
март
2024

мектепте кезекті №4 педагогикалық кеңес өткізілді.

2024 жылдың 27 наурыз күні мектепте кезекті №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі мына мәселелер қарастырылды. 
  1. ІІІ тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы;
  2. Бастауыш сынып пәндерінің оқытылу сапасының айлық қорытындысы;
  3. Аттестациядан өтетін педагогтардың құжаттарының жинақталу барысы;
  4. 9,11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты алынған тест нәтижелері;
  5. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы,
Ағымдағы мәселелер
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша ІІІ тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайына, БЖБ, ТЖБ орындалу сапасына тоқталды. Мектепте 1-11 сыныптар бойынша  421 оқушы бар. Мектепалды даярлық тобында -34 бала тәрбиеленуде. Қозғалыс бойынша тоқсан ішінде 2 оқушы облыс, республика  мектептеріне ауысып кетті. 2 оқушының да анықтамалары бар, күнделік кз. кеткен оқушылар шығарылды. Бұйрық шығарылып, алфавиттік кітапшаға тіркелініп, келген-кеткен күндері қойылды. ІІІ тоқсан қорытындысы  мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы талапқа сай орындалуда. Барлығы - 421 оқушы.1-4 сыныпта 141 оқушы, 1 сыныпты қоспағанда 33 оқу озаты, 37 оқу екпіндісі, 35 орташа оқушы. Сапа – 68% көрсетті. 5-9 сыныпта 239 оқушы, 45 оқу озаты, 105 оқу екпіндісі, 87 орташа оқушы. Сапа – 64көрсетті. 10-11 сыныпта 41 оқушы, 3 оқу озаты, 23 оқу екпіндісі, 15 орташа оқушы. Сапа – 63,4көрсетті. Жалпы 2-11 сыныпта 84 оқу озаты, 166 оқу екпіндісі, 137 орташа оқушы. Сапа – 64,9% көрсетті. Аттестатталмай қалған оқушы жоқ деп айтып, пәндердің білім сапасын таныстырып өтті. 
Күн тәртібіндегі 2- ші мәселе бойынша ДБІЖО Л.Спанқұлова  сөз алып, бастауыш сынып пәндерінің оқытылу сапасының айлық қорытындысымен таныстырып өтті. 3-ші мәселе бойынша ДБІЖО Л.Спанқұлова   сөз алып, аттестациядан өтетін педагогтардың құжаттарының жинақталу барысытуралы мәлімет берді. 
4- ші мәселе бойынша ДОТІЖО Г:Тескенбаева сөз алып,  9,11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты алынған тест нәтижелерін таныстырды.
5- ші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы З.Шалабаева сөз алып, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысымен таныстырды.