«Хиджаб, паранджа, қысқа шалбар, сақал қою туралы» түсіндірме сабағы
2024 жылдың 12 қаңтар күні «Терроризм мен экстремизм алдын алу» бағыты бойынша 6 сыныптарда тарих пәнінің мұғалімі Р. Рахышова «Хиджаб, паранджа, қысқа шалбар, сақал қою туралы» түсіндірме сабағын ұйымдастырды.
Мақсаты:
Школьникам қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру