15
ноябрь
2024
"Кел, дос болайық!" ата-аналар форумы
«Ұлағатты отбасы -ұлт құндылығы» тақырыбында ата-аналар форумы өтті. 2024 жылдың 15 қараша күні №6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді. Мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдау көрсету дағдысын қалыптасыру. Мектеп директоры Менилбеков Бақтияр Смадилович жиналысты ашып беріп, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. 2024-2025 оқу жылында «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында өткізілген іс – шаралар туралы мектеп директоры Б. Смадилович баяндады. Әлеуметтік педагог З. Шалабаева «Интернет – алаяқтық» туралы ата-аналарға таныстырды. «Жеке тұлға» тақырыбында мектеп психологтары Т.Жанұзақова тренинг жүргізді. Сұрақ- жауап. Форумға қатысқан ата-ана саны – 50.






