05
декабрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
2025 жылы 5 желтоқсан күні "Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Мақсаты:педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Осы мақсат аясында мектебіміздің 6 педагогі мектепішілік байқауға қатысып, "Шеберлік палитрасы" және "Шығармашыл толқын.." бағыттары бойынша өз идеяларын ортаға ұсынды. Таңдаған бағыттары бойынша педагогикалық идеялар ұтымды болып І орынға ие болған жұмыстар аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңге сәттілік тілейміз!!!





