«Мен өз құқығымды білемін!» тақырыбында сынып сағаты өтті » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Мен өз құқығымды білемін!» тақырыбында сынып сағаты өтті
28
январь
2026

«Мен өз құқығымды білемін!» тақырыбында сынып сағаты өтті

«Мен өз құқығымды білемін!» тақырыбында сынып сағаты өтті
2026 жылы 26қаңтар  күні 2«А» сыныбында «Мен өз құқығымды білемін!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында және Бала құқықтары туралы Конвенцияда көрсетілген негізгі құқықтар мен міндеттер туралы ақпарат берілді. Оқушылар белсенді түрде пікір алмасып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен сұрақ-жауап жұмыстарына қатысты. Құқық пен міндеттің өзара байланысы түсіндіріліп, өмірде кездесетін нақты мысалдар талқыланды.
Сынып сағаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында оқушылар өз құқықтарын білу – әр азаматтың басты міндеті екенін түсінді.