Калкен Диана Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, 111 балл жинады.

ЕНТ-дағы жоғары нәтиже – білім мен еңбектің жеңісі
2025–2026 оқу жылында №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Калкен Диана Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, 111 балл жинады. Бұл – оның табандылығының, жауапкершілігінің және білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Диана ЕНТ-да таңдау пәндері ретінде қазақ тілі мен әдебиетін таңдады. Мектепте оқу барысында ол өзін білімге ұмтылған, ізденімпаз әрі белсенді оқушы ретінде таныта білді. Әсіресе, ана тілі мен әдебиетке деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі оның білім көкжиегін кеңейтіп, жоғары нәтижеге жетуіне ықпал етті. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде Диана уақытын тиімді пайдаланып, білімін жүйелі түрде жетілдірді. Алға қойған мақсатына жету жолында қажырлы еңбек етіп, өз мүмкіндіктерін толық көрсете білді. Соның нәтижесінде жоғары балл жинап, мектебінің абыройын асқақтатты. Бұл жетістік – оқушының ғана емес, оған сапалы білім берген ұстаздарының және әрдайым қолдау көрсеткен ата-анасының ортақ еңбегінің жемісі. Диананың табысы жас буынға үлгі болып, білім жолында талмай ізденуге ынталандырады. №6 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы Калкен Диананы ЕНТ-дағы жоғары нәтижесімен құттықтай отырып, алдағы өмір жолында толағай табыстар, биік белестер мен жарқын болашақ тілейді. Еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман, білімді азамат болуына сенім білдіреміз.
Білімге деген құштарлық пен табанды еңбек әрқашан үлкен жетістіктерге жетелейді!