"Мектепке жол" акциясы
№ 6 жалпы орта білім беретін мектебінде « Мектепке жол » республикалық қайырымдылық акциясы ның басталғанын хабарлаймыз. Акция 1тамыз бен -30 қыркүйек аралығында "Жақсылық жаса" ұранымен өткізіледі. Акция мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.