Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі
№6 жалпы орта білім беретін мектебінде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысының қорытындысы туралы
Информация
2023 жылдың 27 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераждық комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, дайын өнімнің сапасы, күнделікті мәзірдің перспективалық ас мәзіріне сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, өнімдерді сақтау шарттарының сақталуы, ас блогының жай күйі, тауар көршілестігінің сақталу жайы қаралды. Қоймалардың санитарлық жағдайы жақсы. Ылғалды жинау жұмыстары жүргізілген, талапқа сай. Ас блогында ағы ұшқан ыдыстар жоқ. Тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, буфеттік өнімдердің сапасы, бағасының белгілерінің болуы, қолжетімділігі сақталып отыр. Нәтижесінде, тексеру соңынан актпен рәсімделді.
Тексеру нәтижесінде
Асханада ешқандай кемшіліктер орын алған жоқ.