Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі
№6 жалпы орта білім беретін мектеп 11 сәуір 2024 жыл
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
2024 жылдың 11- сәуір күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Дайындалған тағамдардың органолептикалық қасиеті, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, буфеттік өнімдердің сапасы, бағасы белгілерінің болуы, қолжетімділігі сақталып отыр. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау тоңазытқыштарда жүзеге асады. Болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген, күнделікті тамақ ас мәзірімен дайындалған. Тағам өнімдерінің сертификаттары бар. Жарамдылық мерзімі уақытылы қадағаланып отыруы қажет. Нәтижесінде, тексеру соңынан актпен рәсімделді.
Тексеру нәтижесінде
Асханада ешқандай кемшілік орын алған жоқ.