Ашық есік күні » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
апрель
2024

Ашық есік күні

№6  жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылында оқушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында 

«Ашық есік күні» өтуі туралы

Анықтама


«Кеңес» ауылы                                                                                                   17.04.2024 жыл


    2023-2024 оқу жылында №6 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша білім алушыларды мектеп асханасында  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында   мектеп әкімшілігі 17 сәуір  күні 1-4 сынып бастауыш сыныптар, аз қамтылған отбасынан шыққан 25  білім алушының ата-аналарына «Ашық есік күні» іс-шарасын  ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп,күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Родителям ұсынылған сауалнама арқылы  жалпы асхана қызметіне  көзқарасын анықтау.

      Бір мезгіл ыстық тамақпен ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасын «Жалпы білім беретін мектептердегі  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларынасәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 25 (жиырма бес) білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған. Оның ішінде: АӘК алатын 22 оқушы, 1-4 сынып бастауыш 141 білім алушы, мектеп бойынша 156 білім алушы тамақтанып отыр. Екі ауысымға бөлінген, бекітілген кестеге сай тамақтанады. 

     Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы- мектеп директоры Б. Менилбеков, мүшелері: директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева, қамқоршылық кеңес   мүшесі Балкибекова З, медицина қызметкері- Э. Салқараева және әлеуметтік педагог З. Шалабаева бірнеше   ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.

     Нәтижесінде  ата-аналар тарапынан  асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы  баға берілді. 

      Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді!