«Жол қозғалыс ережелерін білейік» атты іс- шарасы
2022-2023 оқу жылында ҚР ІІМ-нің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Меркі аудандық полиция бөлімі басшының 2022 жылғы 24 тамыздағы №5-4-83\3017-И хатына сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және қауіпсіздік шараларын жетілдіру үшін «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс- шарасы жоспары жасалынып, бекітілді. 07.09.2022 ж. күні балалардың жол көлік жарақатының алдын алу, көшеде, жолда жүріп тұру дағдыларын жетілдіру мақсатында «Абайлаңыз балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, «Жол қозғалыс ережелерін білейік» атты іс- шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жас инспектор көмекшілері 1-4 бастауыш сынып білім алушыларына жол ережесі түрлері, өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану шаралары, жолда жүру қауіпсіздігі қағидаларын таныстырып, үлгі насихат жұмыстарын жүргізді.
