
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсаны күні №6 ЖОББМ-де "Қош келдің Жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман!" атты жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның шымылдығын бастауыш сынып білім алушылары ашып, әсем әндер орындалып, би биленді. Аяз ата мен Ақшақар, Сайқымазақтар, Қоян, Ит, т.б. бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады. Аяз ата қоржынынан балаларға тәттілер сыйланып, балалар үшін шаттық мерекесіне айналған іс- шара болды.