Мектепте 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мектепте 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі
24
январь
2025

Мектепте 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі

Мектепте 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі                         туралы пән мұғалімдерімен жиналыс
2025 жылдың 24 қаңтар күні 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа  пән мұғалімдері қатысып, ББЖМ туралы толық мәліметпен және 4,9 сынып оқушыларының  желтоқсан айында онлайн түрінде тапсырған ЕДУКОМ тест нәтижесімен таныстырылды. ДОТІЖО Г. Тескенбаева ББЖМ туралы мәлімет беріп өтті. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) — білім беру ұйымдарынан тәуелсіз мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Бастауыш, негізгі және орта білім беру ұйымдарында ( 4, 9 сыныптар) ББЖМ өткізу - мектептерде 4 және 9-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, яғни білім мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға, сонымен қатар аналитикалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталатын болады. ББЖМ кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленеді және әдістемелік көмек көрсетіледі. Жыл сайын өткізіледі: мектептерде– көктемде (сәуір )  арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ( АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.   4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
 Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
 Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
 Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
 Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
 Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).
 Максималды балл – 30.
   ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.
   9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: 
 Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;
 Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
 Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.  Тестті орындау уақыты – 150 минут (2  сағат 30 минут). Максималды балл – 75.  4,9 сыныптың тест нәтижелері бойынша пән мұғалімдеріне ескерту айтылып, оқушыларды ББЖМ-ге дайындау жұмыстары бойынша мәлімет беріп өтті.