Кезекті №5 педагогикалық кеңес отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Кезекті №5 педагогикалық кеңес отырысы
22
май
2025

Кезекті №5 педагогикалық кеңес отырысы

Кезекті №5 педагогикалық кеңес отырысы
2025 жылдың 22 мамыр күні мектепте кезекті №5 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске 52 мұғалім қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1."Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында атқарылған жұмыстар. Жылдық есеп;
2.ІҮ тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы және қорытынды аттестаттау жұмыстары;
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбие жұмысының жүргізілуі;
4.4-сынып оқушыларының негізгі мектепке көшу дайындығы бойынша негізгі пәндерден білім сапасын тексеру;
5.Жазғы сауықтыру лагерь жұмысын ұйымдастыру туралы.
Ағымдағы мәселелер:
-Соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасын өткізу туралы;   
-Жазғы демалыстағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы;
-Оқу жылын аяқтау (1-4 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру, 5-8,10 сынып білім алушыларын аралық аттестаттауға жіберу, 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға жіберу және «Алтын белгі», үздік аттестатқа үміткер 9,11 сынып білім алушыларын ұсыну, 1-4 сынып оқушыларын марапаттау) туралы.
-Мектеп асханасындағы бракираж  комиссия жұмысының жылдық есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы Р.Оналбаева сөз алып, «Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, таныстырып өтті. «Оқуға құштар мектеп"жобасы- Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінде оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр қазіргі мектеп оқушыларының оқусауаттылығын, сыни ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған деп айтып өтті.                                                         Екінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, ІҮ тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы және қорытынды аттестаттау жұмыстары туралы мәлімет беріп өтті.                                                                    Үшінші мәселе бойынша ДТІЖО Ұ.Миравилдаева сөз алып, салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы жыл бойы атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті.                                                               Төртінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, 4-сынып оқушыларының негізгі мектепке көшу дайындығы бойынша негізгі пәндерден білім сапасын тексеру қорытындысымен таныстырып шықты.                                Бесінші мәселе бойынша ДТІЖО Ұ.Миравилдаева сөз алып, жазғы сауықтыру лагерь жұмысын ұйымдастыру туралы хабарлама беріп шықты.
Ағымдағы  1-ші мәселе бойынша ДТІЖО Ұ.Миравилдаева сөз алып, соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасын өткізу туралы мәлімдеме жасады.2-ші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, Оқу жылын аяқтау (1-4 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру, 5-8,10 сынып білім алушыларын аралық аттестаттауға жіберу, 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға жіберу және «Алтын белгі», үздік аттестатқа үміткер 9,11 сынып білім алушыларын ұсыну, 1-4 сынып оқушыларын марапаттау) туралы мәлімдеді.3-ші мәселе бойынша мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Буланова сөз алып, Мектеп асханасындағы бракираж  комиссия жұмысының жылдық есебін беріп өтті.