02
июнь
2025
Іс-тәжірибе тарату
2025 жылдың 2 маусымда Меркі ауданы білім бөліміне қарасты И.Трубицын атындағы №17 мектеп гимназия базасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылғы 27 мамырдағы №428-Ө бұйрығы және оқу- әдістемелік орталығының жанындағы Сараптамалық кеңестің 2025 жылғы 27 мамырдағы №3 отырысының шешімі негізінде №6 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Л.Спанкулова "Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту", А.Сейтказиева "Қазақтың ақын -жазушыларының шығармашылығымен сусындату" тақырыптарында инновациялық педагогикалық тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. Іс-шараға Сарысу, Мойынқұм, Талас аудандарының білім бөлімінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.


