Ұлдар жиналысы
№6 ЖОББМ 12.05.2023 ж. күні 9-11 сыныптың ұлдарына жиналыс өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Мектеп директоры Б.С.Менилбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабекова Ж.С. 9-11 сынып жетекшілері қатысты.
Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.