Педагогикалық кеңес. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Педагогикалық кеңес.
31
август
2023

Педагогикалық кеңес.

Педагогикалық кеңес.
 Мектептің жылдық жоспарының орындалуы негізінде тамыз айының жоспарына сай   мектепте 2023 жылдың 31 тамыз күні педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңесте төмендегідей күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:
  1. 2022-2023оқу жылындағы мектеп жұмысына талдау және 2023-2024 оқу жылындағы оқу- тәрбие жоспары, Үлгілік оқу жоспарлары, КТЖ, сабақ кестесі мен сабақ уақытын, үзіліс кестесін бекіту туралы;
  2. Мектептің ішкі тәртіп ережесін талдау, лауазымдық міндеттерді, «Еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі жұмыстарын ұйымдастыру» туралы,  әдеп кеңесі   жұмысын бұйрықпен таныстыру;
  3. 2022-2023 оқу жылындағы аттестаттау жұмысының қорытындысы;
  4. Жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша құжаттардың жинақталуы;
  5. Преподавателидің жүктемесін, үйде оқыту бойынша сағат жүктемелерін және үйірме жұмыстарын бекіту.
 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры 2022-2023оқу жылындағы мектеп жұмысына талдау жасады. Барлығы -458 оқушы жыл басында толық оқумен қамтылды. 1-4 сыныпта –162 оқушы,5-9 сыныпта -253 оқушы, 10-11 сыныпта – 43 оқушы .Барлық оқушылар 100% оқулықпен қамтылды.  Мектепте инклюзив  2 оқушы, үйде оқыту 2 оқушы бар. Олар : 9 сынып оқушысы Тұрсынбай Диас,1 сыныпта Жасұлан Ерасыл, 1 сыныпта Қанат Айсұлтан,  8 сынып оқушысы Серік Дамир. Оқумен қамтылмай қалған оқушылар жоқ. 2022-2023 оқу жылында 9 сыныптан 20 оқушы колледжге түсіп, оқуын жалғастыруда. Кешкі мектепте оқитын оқушы жоқ. Оқушылар жылына 3 мезгіл дәрігер тексеруінен уақтылы өтіп тұрады. Сәуір, мамыр айнда мектепте бір мезгіл тегін ыстық тамақпен   36 оқушы қамтылды.Оқушылардың білімдері зерделене келе мектепте төмендегідей нәтиже берді.1-4 сыныпта 1 сыныпты қоспағанда 37 оқу озаты, 44 оқу екпіндісі, 69% сапа, 5-9 сыныпта 57 оқу озаты,101 оқу екпіндісі, 63,5% сапа,10-11 сыныпта 1 оқу озаты,  24 оқу екпіндісі, 62,5% сапа.Мектепте барлық пәндер бойынша аттестатталмай қалған оқушы болған жоқ.Мектеп бойынша 95 оқу озаты, 169 оқу екпіндісі, білім сапасы – 63% көрсетті деп тоқталып өтті. 2023-2024  оқу жылындағы оқу- тәрбие жоспарының құрылымдарын таныстырды. 
ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, үлгілік оқу жоспарлары, КТЖ, сабақ кестесі мен сабақ уақытын, үзіліс кестесін бекіту туралы мәлімет беріп өтті.