Әдеп кеңесі » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
февраль
2023

Әдеп кеңесі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің 
№6 жалпы орта білім беретін мектебі
Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы
№2 хаттамасы
Кеңес ауылы                                                                   28 желтоқсан 2022 жыл
Күн тәртібінле:
  1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау.
  2. Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті
Тыңдалды
  Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша әдеп кеңесінің төрайымы Г.Тескенбаева сөз алып. жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау туралы мәселеге тоқталып айтып өтті. Ұстаз -  мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кезде де, қандай ортада да  педагогикалық әдепті ұстанғаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына сай лайық суреттер жариялауы тиіс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс. Қазір әлеуметтік желіде көріп, бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады. Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн. Әр мәселені көтерген кезде де әдептен озбай сөйлеу керек.  Педагог өзінің кәсіби назарындағы обьектілер болып табылатын оқушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп,  білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту қажет. Қазір барлық адамдар өмірдегідей әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасайды, танысады, өз әсерлерімен бөліседі және онда өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін білеміз деп ойлайды. 
2-ші мәселе бойынша аға ұстаз математика пәнінің мұғалімі Н.Нүсіпбаева  сөз алып, педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті туралы баяндамасымен таныстырып өтті. Кез келген адамның ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», — деген ұлы Абай ескертуін ойдан шығармағанымыз абзал. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді.
Сөз шеберлігін қалыптастырудың жолы – тілдің нәрін ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдебиет арқылы бала бойына сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізе білу – тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты.
Қазіргі қоғам адамының өз мақсатына қол жеткізуі үшін терең білім алумен бірге, көпшілікпен қарым-қатынас жасау, сөз сөйлеу, ойын жүйелі жеткізе алу қабілетін меңгеруі жоғары мәдениеттіліктің белгісі болып табылады деп тоқталып өтті
Қаулы: 
  1. Жеке суреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау назарға алынсын.
  2. Жас ұстаздар арасында педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениетін арттыру үнемі  назарға алынсын.
Кеңес төрайымы:                                Г.Тескенбаева Г.
Хатшы:                                                Ж.Буланова