Білімді ұрпақ – ел болашағы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Білімді ұрпақ – ел болашағы
06
декабрь
2021

Білімді ұрпақ – ел болашағы

                                              Білімді ұрпақ – ел болашағы
  Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар игі ісіміздің бірі – ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі білімді, саналы ұрпақ.Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез- келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі заман   бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман.Ізденіспен талпынысты талап ететін жастық шақта  ел болашағы үшін білімді болу, еңбек ету әркімнің міндеті. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, оқу мен білімнің тізгінін ұстату әр ұстаздың, мемлекетіміздің, қоғамның міндеті. Білім нәрімен сусындалып, тәрбие көріп өскен әрбір оқушы  болашақта мықты маман иесі болуы анық. Оқушыларды  өткізілген әрбір мағыналы іс-шараларға қатыстыру, алған, тоқыған білімдерін ортаға салып, нәтижесінің жемісін көру –ұстаз алдындағы міндет. Бұл міндет – жаңа мақсаттар қоя отырып, оқушының білім сапасын көтеру мен бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Мектебімізде аудан көлемінде өтіліп жатқан ауқымды іс-шараларға белсенді қатысып, нәтижесін көрсетіп жүрген оқушыларымыз баршылық. Соның дәлелі 6 сынып оқушысы Тоқташбек Мейірім, 5 сынып оқушысы Тұрсыналы Мейірман  аудандық 5-6 сыныптар арасында өткізілген пәндер олимпиадасына қатысып, дипломмен марапатталынды. Оқушылардың  аудандық   2-7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жұмысының  конкурсының жүлдегерлері                     7 сынып оқушысы Жамбыл Амина ІІІ – дәрежелі , 3 сынып оқушысы Таулын Еркеназ  ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталынып, жақсы нәтижелі жұмыстарын көрсете білді. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да білімді ұрпақты тәрбиелеу – басты міндеттеріміздің бірі.