Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын.
23
январь
2023

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ортақ сын.
2023 жылдың 23 қаңтар күні мектепте ЕНТ байланысты ата-аналармен жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Б.Меңілбеков сөз алып, биылғы жылы өткізілетін ЕНТ-ға дайындық қызу жүргізілу үстінде. Осы әзірлік барысында өткен жылдар тәжірибесі сарапталынып, кемшіліктерді жою жолдары қарастырылып, оқушы мен мұғалім арасында қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 21 мектеп бітірушілердің 19-ы ЕНТ тапсыруға тілек білдіруде. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің  90 пайызы деп тоқталып өтті . Жиналыс барысы  ДОТІЖО  Г.Тескенбаева «Ұлттық бірыңғай тестілеу (ЕНТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны» деп ЕНТ-2023 жыл ережелерімен таныстырып шықты.ЕНТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі.Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін     және уақытын   өз бетінше таңдай алады.Бір  дұрыс   жауабы  бар  тест   тапсырмалары қолданылады.Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады. Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі.Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі.   Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.                                                                                                                                   * Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан  тарихы» пәнінің бір слабовидящихнда  20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған  тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
2)   * «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.
3) * Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап  нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны  8-ден 6-ға дейін азайтылды.                  
              ЕНТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, яғни төменде көрсетілген 3 білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер «Математика+Информатика» пәндері комбинациясы бойынша тест тапсырады:
- В011 - Информатика мұғалімдерін даярлау;
- В057 - Информациятық технологиялар
- В058 - Информациятық қауіпсіздік