12
сентябрь
2025
Ата -аналар жиналысы
Ата-аналармен жиналысы
12 қыркүйек 2025 ж
Қатысқандар: 41 адам (Сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар)
Тақырыбы: «Қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге оқушыларды дайындауда мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі». Мақсаты: 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге тиімді дайындау жолдарын ата-аналармен бірлесе отырып талқылау; Оқушының білім сапасын арттырудағы мектеп пен ата-ананың бірлескен әрекеттерін үйлестіру;
Родителям дайындық барысы, мерзімдер мен талаптар туралы нақты ақпарат беру.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Қорытынды аттестаттаудың маңызы мен өткізілу тәртібі туралы.
- ЕНТ форматы, пәндер, тіркелу тәртібі, байқау тестілері туралы
- Сынып оқушыларының дайындық деңгейі мен үлгерімі туралы
- Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс, оқушыға қолдау көрсету жолдары
- Сұрақ-жауап, ұсыныстар
1. Оқу ісінің меңгерушісі Г.К.Тескенбаева сөз алып, қорытынды аттестаттау – бұл оқушының жалпы орта білім деңгейін растау мақсатында өткізілетін мемлекеттік емтихан екенін атап өтті. Емтихандардың өткізілу мерзімі мен пәндері туралы ақпарат берілді. Емтихан формалары: эссе жазу, жазбаша және ауызша жауаптар арқылы жүзеге асатыны түсіндірілді.
2. Пән мұғалімдері Калдыбаева Г. Мауленкулова С. Ыбраева А. оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне тоқталып, сынақ тестілеулердің нәтижелері мен байқау ЕНТ қорытындылары бойынша талдау жасады. Жеке оқушылардың білім деңгейіндегі олқылықтар көрсетіліп, ата-аналармен бірлесіп қолдау көрсету қажеттігі айтылды.
3. Сынып жетекшілері Г.Калдыбаева, Р.Оналбаева оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі мен мотивациясы туралы баяндады. Сонымен қатар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын дайындық сабақтарына тұрақты қатысу керектігі ескертілді.
4. Мектеп психологы Ж.Сейтказиева мен әлеуметтік педагог Ж.Буланова оқушыларға емтихан алдындағы психологиялық дайындық, уайым мен қобалжуды төмендету жолдары, үйдегі тыныш орта мен қолдаудың маңыздылығы туралы кеңес берді.
Ата-аналар тарапынан көтерілген мәселелер:
Балаларға қосымша дайындық курстарын ұйымдастыру;
Онлайн байқау тестілеулерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту;
Тәрбие және тәртіпке байланысты сұрақтар;
Ата-аналар чатында оқу ақпаратын уақытылы тарату.
Қабылдаған шешім:
Ата-аналар тарапынан ұсынылған барлық ой-пікірлер назарға алынсын.
Қорытынды аттестаттау мен ЕНТ-ге дайындық барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс жүйелі түрде жалғассын.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оқушылардың дайындық деңгейін үнемі бақылауда ұстап, қажетті әдістемелік және моральдық қолдау көрсете берсін.
Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері оқушылардың оқу үлгерімін ата-аналарға ай сайын баяндап отырсын.