19
сентябрь
2022
11 сынып түлегі Жекебаева Наздана Мэлсқызы «Алтын белгі» иегері, мектеп мақтанышы
2022 жылы мектебіміз үшін жетістіктер жылы деп айта кетуімізге болады. Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып өскен бақытты ұрпаққа үлкен жауапкершілік пен міндеттің жүктелгенін және білім саласындағы жетістік екенін айтсақ, 11 сынып түлегі Жекебаева Наздана Мэлсқызы «Алтын белгі» иегері, мектеп мақтанышы . Наздана білім сайысынды өзінің білімімен, тәрбиесімен биік белестерді бағындырды. ЕНТ-де 113 балл алып, өзіне деген сенімін ақтап, ата-анасын, ұстаздарын қуантты. Қазіргі таңда Наздана Алматы мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде білім алуда. Болашақ ағылшын тілінің маманы, аудармашы. Наздананың өмірде әлі де болса алар асуы көп деп үміт артамыз.
