«Кибербуллинг, буллинг және оның алдын алу жолдары»
2023 жылы 20 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдердің желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7-8 сынып білім алушылары арасында «Кибербуллинг, буллинг және оның алдын алу жолдары» тақырыбында алдын алу және ағарту жұмыстары жүргізілді. « Жас полиция» көмекшілері «Кибербуллинг, буллинг дегеніміз не? Буллинг түрлерін айтып өтсе, ДҚТЖО Ж.Балабекова білім алушыларға Кибербуллингке, буллингке тап болған жағдайда не істеу керек екені және қайдан көмек алуға болатыны туралы, осындай жағдайға тап болған досыңызға қалай көмектесу керек және жеке мәліметтердің айлашарғы жасалуына, әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы мәліметтер беріліп,алдын алу бойынша кеңестер берілді. Іс-шара барысында білім алушыларға бос уақыттарын ұялы телефонмен өткізбей, кітап оқуға, түрлі үйірмелерге қатысуға шақырды.