«Жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен жауапкершілік» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен жауапкершілік»
14
октябрь
2022

«Жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен жауапкершілік»

2022 жылдың қазан айында «Қайсар» жас полиция көмекшілері тобының мүшелері құқық бұзушылықтың алдын-алу, бопсалаудың алдын-алу мақсатында «Жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен жауапкершілік» атты жиналыс өткізді. Мектеп ережесіне сәйкес мектепке ұялы телефон әкелуге тиым салынатындығы ескертіліп, рейд жасалды. «Жас полиция көмекшілері» тобының мүшелері жолдан өту тәртібін қадағалау мақсатында рейдке шықты. «Менің құқықтық алаңқайым» атты тақырыпта дәріс жас жасақшылар тобының мүшелері ұйымдастырды. Кеңес беру айлығы аясында іс-шараларға ат салысып жас жасақшылар тобы лездеме, сурет байқауын өткізді.Асханада үлкен үзілісте кезекшілік жасады. Оқушылардың сабақ үстіндегі іс-әрекетін, сабаққа толық қамтылуын бақылады, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының есебі жасалынып, құқық бұзушылықты болдырмаудың амалын айқындайды. Мектепте құқық бұзушылық орын алған жоқ. Атқарылған іс-шаралардың хабарламасын «Жас жасақшы» тобының басшысы ДҚТЖО Ж.Балабекова   уақтылы тапсырып отырды. Мектеп ережесін бұзған оқушыларға тәртіптік лездеме өткізді.