Мектеп формасы туралы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп формасы туралы
11
сентябрь
2023

Мектеп формасы туралы

Ата-аналар назарына хабарландыру!
Мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылы 14 қаңтардағы N26 бұйрығына сүйене отырып, мектебіміздің қамқоршылық кеңес хаттамасы қаулысымен бекітілген мектеп формасы түсі қою көк түсті.
📌Ер балалардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған жейде(қысқы мезгілде: трикотаж жилет)
📌Ер балаларға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс.
📌Қыз балалардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка тізеден төмен болуы қажет! классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте жейде(қысқы уақытта: трикотаж жилет)
📌Мектеп формасына түрлі ❌діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкаларға қатысты киім элементтерін
қосуға болмайды.
📌Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті📍
Құрметпен мектеп әкімшілігі!