Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы
03
октябрь
2023

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы

Мектебімізде 3 қазан күні, сағат 15.00-де мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпақ бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдарын жан-жақты талдау болды. Жиналыс барысында ата-аналар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. Сонымен қатар, мектепте бала бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдары туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта балалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысатындарын айтты.