«Мамандықтар әлеміне саяхат» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандықтар әлеміне саяхат»
13
сентябрь
2023

«Мамандықтар әлеміне саяхат»

      Жыл сайын біздің мектепте кәсіптік бағдар бойынша өткізу дәстүрге айналған. Биылғы оқу жылында 1-2 сынып оқушылар арасында «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты тақырыпта, 12.09.2023-13.09.2023 ж. аралығында өткізілді.

Кәсіптік бағдар жоспары бойынша оқушылар әр түрлі іс-шараларға көрермен болып қана қоймай, белсенді қатыса білді. Онкүндіктің мазмұны: кітап көрмесі, шығармашылық жұмыс, сынып сағаттарынан тұрды. Аталған шаралар оқушылардың болашақ мамандыққа деген танымдарын дамытуға зор ықпал етті.

Белсенді қатысушыларының бірі 1 сынып оқушылары болды. Олар «Ең қызықты мамандық» атты сурет көрмесінде өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

1-2-сынып оқушылары арасында «Бізді қоршаған мамандықтар» атты ғажайып алаң ойынын өткізді. 2-сынып оқушылары «Мамандықтар әлемі» ойынында белсенділік танытты.

Сынып жетекшілері келесі тақырыпта сынып сағаттарын өткізді: Жоспарланған іс-шаралар оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, оқу үрдісіне деген белсенділіктерін арттыру мақсатында жаңа заман технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Кәсіптік бағдар бойынша  қорытындысы мамандықтың білгірлерін анықтаумен аяқталды.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың мамандық туралы ой-өрістерін кеңейтіп, көптеген мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.