«Балаға мейірім сыйла» атты қамқорлық акциясы
2023 жылдың 20-24 қараша аралығында «Балаға мейірім сыйла» атты қамқорлық акциясы болып өтті. Мектебіміздің әлеуметтік педагогі Шалабаева З. жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасыдан шыққан, әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларды сынып жетекшілермен бірге анықтап іс-шара жоспарын жасады. 21-қараша күні бейнелеу, еңбек пәні мұғалімдері және сынып жетекшілер бірігіп «өнерлі қолдар» көрмесін ұйымдастырды. Сынып аралығында жәрмеңке ұйымдастырылды. 23-қаңтар күні жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасыдан шыққан, әлеуметтік көмекті қажет ететін 5-оқушыны жеке кәсіпкердің демеушілігімен киім кешек ұйымдастырылды.
24-қараша күні мектебімізде «Балаға мейірім сыйла» жәрмеңкесі болып өтті. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен және мектеп әкімшілігінің қаржылай көмегімен жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасыдан шыққан, әлеуметтік көмекті қажет ететін бірнеше оқушыларға қысқы куртка, көйлек, етік сияқты заттай және ақшалай жәрдем көрсетілді. Соңынан «Мейірімді жүрек» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, балаларға мейірімділік, сыйласу, адамгершілік қасиетке баулу жұмыстары жүргізілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Мектебімізде «Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде екі -үш жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныт қан азаматтарға алғыс айтамыз.