15
декабрь
2023
9 сыныпта физика пәнінен «Физикадан ББЖМ есептерін шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.
2023 жылдың 15 желтоқсан күні ББЖМ-2023 нәтижелерімен ақпараттандыру мақсатында 9 сыныпта физика пәнінен «Физикадан ББЖМ есептерін шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді. Сабақты физика пәнінің мұғалімі Байтүгелова Луна жүргізді. Слайт арқылы оқушыларға мәліметтер беріліп, есеп шығарудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен таныстырылды. Физикадан есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер қандайда бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материал береді. Сондықтан олардың оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көре білуді дарытуда үлкен маңызы бар. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады.
