Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері ЖАДНАМА » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері ЖАДНАМА
25
декабрь
2023

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері ЖАДНАМА

№6 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында балалардың қауіпсіздігіне байланысты сақтық шаралары мен ережелерді әсіресе қыс кезіндегі сақтыққа байланысты түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Міне қылышын сүйреткен қыста келіп жетті. Қыста қатқан мұз үстінде тайып жығылып аяқ-қол сындыру жиі орын алады. Сондықтан сақтық шараларын алдын-ала жасап жүру керек.Мектепке келер және қайтар жолда сырғанап ойнамау туралы, қар үстіндегі ойын көздің зақымдануына әкелуі , мұз бөлшектері араласқан қарды лақтырмау қаупі, қыста жарақаттар тізіміне «мұзға жабысу» қаупі де қосылады.Аязда дымқыл қолмен, не тілмен темір конструкцияларды ұстап, жалауға болмайтынын,
сондай-ақ жол-көлік жарақаттары салдарынан апатқа тап болу қаупін үнемі сынып жетекшілер мен ата-аналар ескерту қажет.Осы орайда жол жүру ережелерін әрдайым сақтап жүру керектігін естен шығармаған абзал!ДТІЖО Балабекова Ж.С.