«Ерте жастағы жүктіліктің зардабы» тақырыбында дөңгелек үстел » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерте жастағы жүктіліктің зардабы» тақырыбында дөңгелек үстел
03
октябрь
2023

«Ерте жастағы жүктіліктің зардабы» тақырыбында дөңгелек үстел

2023 жылдың 3 қазан күні  9-11 сынып оқушылары қыздар арасында «Ерте жастағы жүктіліктің зардабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Барлығы 38 оқушы қатысты. Шақырылған қонақтар Жастар денсаулық  орталығының бас маманы Адешова Қалбүбі  қатысуымен өтті. Алғашқы сөз алып,  Адешова Қалбүбі оқушыларға ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі-гормоналды ауысу кезеңі басталады.  Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді. Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан интернеттен біледі деп ойлайды. Алайда, бұл ақпарат қыз балаларға жеткіліксіз болып келеді.  Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыз бала, қыз,әйел- бұл бір ғана адам өткеретін әртүрлі кезең. Ол әрбір кезеңде қуанышпен де,қайғымен де, түрлі дерттермен де бетпе-бет кездеседі. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін  әйелдердің репродуктивті денсаулығы өте маңызды екенін түсінуіміз қажет екендігін қыздарға түсіндіріп  айтып өтті. Тәрбие түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейтіні туралпікір айтылды.  оқушыларға жан- жақты мәлімет берді.