17
январь
2024
«Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында 6-8 сынып оқушыларының ата-аналары арасында тренинг, отбасылық сайыс жүргізілді.
10.01.2024 жылдың № 37 хаты негізінде № 6 жалпы орта білім беретін мектебінде Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес мектептің әлеуметтік педагогы Шалабаева З. 2024 жылдың 17 қаңтарында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында 6-8 сынып оқушыларының ата-аналары арасында тренинг, отбасылық сайыс жүргізілді.
Сайыстың мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты үйлесімді ету, жақсарту. Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру.
Отбасы сайысына 6-8 сынып аралығындағы анасымен баласы, қызы қатысты. Барлығы 6 отбасы қатысты. Сайысымызды бастамас бұрын, аналармен тренинг жүргізілді.
Сайысымыз төмендегі кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Өнерлінің өрісі кең (өнер сайысы)
3. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал – мәтел сайысы)4. Қызықты сұрақтар ойыны. Анасымен баласының қарым қатынасын білу үшін сұрақтар ( жұмыртқа аршу әдісі) бойынша
5. Отбасылық ойын.
Сайыста аналар, таныстыруларын, өнерлерін өте жоғары деңгейде көрсете білді. Мақал мәтелдерді де таба білді, анасы мен баласының қарым қатынасын білу үшін қойылған сұрақтарда ана мен бала жауаптары бірдей болды, демек, бұл дегеніміз ана мен бала арасындағы қарым қатынас өте жақсы деген сөз. Соңғы отбасылық ойында балалардың көзін байлап өз анасын табу болатын, барлық балаларымыз өз аналарын дәл тауып, аналарына деген ыстық лебіздерін айтты. Соңында аналар түрлі номинациямен марапатталды. Атап айтсақ, «Үздік отбасы», «Өнерлі отбасы», «Мерейлі отбасы» , «Көрермен көзайымы отбасы», «Өнегелі отбасы». Отбасылық сайыс өз дәрежесінде өтті.