24
январь
2024
"Менің осындай болғаным қандай жақсы!" сынып сағаты
1-сынып жетекшісі: Н.Айдаралиева 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясындағы білім беру ұйымдарындағы "DosbolLike" балаларды қорлаудың алдын алу бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушылары арасында жоспар негізінде "Менің осындай болғаным қандай жақсы!" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: оқушылардың өзіне және айналасындағылардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарына сыйластық қатынасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар өздеріне ұқсас және ұқсамайтын адамдармен қарым-қатынас жасау барысында құрмет, қабылдау және жанашырлық танытады.
Сабақ барысында оқушылар "Айырмашылықты сезіну" ойыны орындалды, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы анықталды. "Әлем және Гоша туралы" мультфильм көрсетіліп, сұрақтарға жауап алынды. "Суперқаһарманмен сұхбат" рөлдік ойыны ойнатылды. "Жақсы адамға қара" жаттығуы арқылы сабақ қорытындыланды.